Орта Азия аумағындағы Ескі автокөліктерді кәдеге жарату жөніндегі жалғыз зауыттың ашылу салтанаты 2017 жылдың желтоқсан айында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен және Қазақстан Республикасының Индустриализация күні қарсаңында өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентіне шредерлі және пирализді саймандарды қашықтықтан бақылауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйенің мүмкіндіктерін, зауыттың қолданымдық қуатын көрсетті.
Нығыздалған брикеттерді жинау бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асырылады, соңғы қабылдау орны «RecyclingCompany» ЖШС «Қарағанды облысындағы эксплуатациялаудан шығып қалған туынды және көмірсутек өндірудегі ауылшаруашылық машинасы мен арнайы техника, техника құралдары сынықтарының қалдықтарынан, түсті металдардың құймаларынан шойын, болат, алюминий өндіретін зауыт» болып табылады.
Сандық технологияларды орта мерзімді болашақта қолдану есесінен республика экономикасын дамыту қарқынын арттыру мақсаты болып табылатын мемлекеттік «Сандық Қазақстан» бағдарламасы бойынша, еуропалық өндірістің шредерлік комплексі жылына эксплуатациялаудан шыққан 50000-ға дайін транспорт саймандарын кәдеге жаратуға және оларды металлоломға айналдыруға мүмкіндік туғызады. Түсті, қара металдардың қалдықтарынан және олардың құймаларынан алынатын өнім, экономиканың тығыз байланысты салаларына қатты әсер ететін аумақтың металлургия өндірістеріне жеткізіледі. Сонымен, бұрын қоқыс болып саналатын ескі-құсқы авто металлоломы үшін заут «Екінші өмір» береді. Металл қалдықтарын балқыту үшін балқыту цехында қуаты жылына 7000 тонна қара және түсті металл балқытатын 4 индукциялы импорттық пеш орнатылған. Зауытта металдың сапасын тексеруге, оның құрамында шоғырланған әр түрлі элементтерді анықтауға мүмкіндік беретін жеке аттестатталған өндірістік зертхана жұмыс істейді.
Сонымен қатар,құрылғы басқа да бөлшектерді , яғни, әйнекті, резинаны бөліп шығарады және пластиктен зауыттың материалдық-техникалық жабдықтары мен жеке қоры есебінен жүзеге асырылатын кәдеге жаратудың толық өндірістік циклын құрайтын 2 фракция шығарады.
Пайдаланған майлардан ВЭТС де жиналғандарды қайта даярлайтын пиролизді цех жылына 7000 тоннаға дейін пеш отын майын өндіретін қуаты бар жоғары нәтижелі кешен болып табылады. Өйткені ол пеш отын майының жылу шығару қабілеті мен үнемшілдігін, жоғары нәтижелілігін оның кең таралуын және әр түрлі салаларда қолданылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жеке технологиялық жүйені қолдауға қолданатын синтез-газ пиролизді кешеннің өнімі болып табылады.
Шығарылып жатқан өнімге «Қайталама алюминий», «Қайталама қара металл» және «Пеш отыны»ЖШС СТ ұйымдарының стандарты құрастырылды.
Зауыт жобасының әлеуметтік нысаны жұмыстың үздіксіз бөлігі болып есептеледі. Облыс әкімшілігінің келісімімен технологиялық мамандықтар студенттері үшін білім беру бағдарламасы іске қосылды, оқушыларға экскурсиялар мен жас мамандарға арналған, ең үздіктері өндіріс орындарында жұмыспен қамтамасыз етілетін болашағы бар тағылымдамалар ұйымдастырылды. Дәл қазір компания штаты 120 жоғары білікті мамандардан құралған.
Өз жұмысын атқару барысында зауыт Қазақстанда авторециклинг салаларын қалыптастырудың негізгі түйіні болды және қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындардың денсаулығын сақтауға бағытталған, қоқыстардың жиналуына кері әсер ететін, қысқартатын, оны жоятын экологиялық бағыттағы аздаған өндірістердің бірі. «RecyclingCompany» компаниясы жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығының үздік жаңашыл жобасы болып танылды. «ПАРЫЗ 2018» атты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауының «Экологияға үлес» номинациясы бойынша лауреаты, сонымен қатар, жыл сайынғы аймақтық байқаулардың қорытындысы бойынша, өндірістің өнімдері «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясының жеңімпазы болып мойындалды.