ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР ПРЕЗИДЕНТТІК "АЛТЫН САПА" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ»

Екі қарағандылық кәсіпорын президенттік "Алтын сапа"сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Астанада Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, биылғы жылы "Алтын сапа" сыйлығына 101 компания үміткер. "Қазақстанның үздік тауары" байқауына 144 кәсіпорын — аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

"Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша орта бизнес субъектілері арасында қарағандылық "Дефектоскопия"ҮЕҰ үздік деп танылды. Марапатты тапсыру ЭКСПООРТАЛЫҚТЫҢ Конгресс-орталығында өтті.

Кәсіпорын мұнай-газ саласында, энергетикада, тау-кен саласында және металлургияда бұзылмайтын бақылау жүргізеді. Компанияның қызметтерін Қазақстанның барлық ірі кәсіпорындары пайдаланады: "Қазақмыс "корпорациясы" ЖШС, "KEGOC" АҚ, "Қазхром ТҰК" АҚ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және т. б.

Қазіргі уақытта Малазия аймағында корей фирмасымен бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Болашақта — Парсы шығанағы нарығына шығу, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанда газ құбырларын салуға қатысу, Ресей Федерациясында жобаларды іске асыру көзделіп отыр.

"Біз өте қуаныштымыз және мақтанамыз! Барлық ұжымның зор еңбегінің арқасында бүгін біз осындай жоғары марапатқа ие болдық. Мұндай байқаулар бизнестің дамуын одан әрі ынталандырады. Байқау ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз және барлық кәсіпкерлерге табыс тілейміз", - деді "Дефектоскопия" ЖШС тең құрылтайшысы Әділ Жұмабеков.

Сонымен қатар, "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша "Recycling Company" ЖШС сыйлық лауреаты атанды. Бұған дейін хабарланғандай, жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы осы зауыттың екінші кезегін іске қосты. Жоба жетекшісі ҚР Президентінің қолынан марапатқа ие болды.

"Алтын сапа" сыйлығы 12 жыл бойы өнім немесе қызмет көрсету сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін беріледі.

2015 жылдан бастап ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты және "Қазақстанның Үздік Тауары" республикалық көрме-конкурсын ұйымдастырушы "Атамекен"ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы.